Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы (директор)
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шоқтыбай ауылы, Достық көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Жаңатұрмыс негізгі орта мектебі" КММ директоры. Тел: 8(71137)50567, zhanaturmysskaia@mail.ru (шағын жинақталған мектеп)
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Қарағаш ауылдық округі, Қарағаш ауылы, Д.Хамитов көшесі, 30 үй мекенжайы бойынша орналасқан ""Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Қуағаш негізгі орта мектебі" КММ директоры, тел: 8(71137)51524, kuagashos@mail.ru (шағын жинақталған мектеп)
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылдық округі, Сегізсай ауылы, Без Улицы көшесі, 43 ғимараты мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Сегізсай негізгі орта мектебі" КММ директоры, тел: 87113751096, segizsay_nm@mail.ru (шағын жинақталған мектеп)
Негізгі қызметтерінің қысқаша сипаттамалары: Білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру арқылы білім алушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау; "Білім туралы" Заңның 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленген білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген ғылымдардың базистік негіздерін алуын қамтамасыз ету; жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру; азаматтылықққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рәміздерді және қазақ тілін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу; белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу.
Лауазымдық жалақы мөлшерi: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 199 728 теңгеден 302 707 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады;
педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады;
педагогикалық кеңесті басқарады;
Мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын, психологиялық қызметтің жұмыс жоспарын және құрамын бекітеді;
білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді;
оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;
заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді;
қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді;
педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді;
білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді;
оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады;
педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді;
мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;
республикалық әскери мектеп-интернаттың, облыстық Кадет мектеп-интернатының бастығы (директоры) Қосымша білуге тиіс:
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
2) шағын жинақты мектептердің басшысы (директоры) үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы (директоры)
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, Исатай Тайманов көшесі, 90Б мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Балалар музыка мектебі" МКҚК директоры. Тел: 8(71137)33240, muzykalka2016@mail.ru
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, көшесі Исатай Тайманов, 100 үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Мектептен тыс жұмыс орталығы" МКҚК директоры. Тел: 8(71137) 34159, cvrsd98@mail.ru
Негізгі қызметтерінің қысқаша сипаттамалары: Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру; адамгершілік, салауатты өмір салты, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру; азаматтылық пен отансүйгіштікке, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халықтың дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу; бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.
Лауазымдық жалақы мөлшерi: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 211 408 теңгеден 270 587 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;
мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;
қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;
білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;
балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;
басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;
педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;
есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бейінін және оның ерекшеліктері;
педагогика мен психология;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелер, санитариялық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының басшысы
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, Махамбет Өтемісов көшесі, 7 үй мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Бөбек" бөбекжайы" МКҚК меңгерушісі. Тел: 8(71137) 33729, chingirlau_bobek@mail.ru
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Ақтау ауылдық округі, Ақтау ауылы, Бейбітшілік көшесі, 3 үй мекенжайы бойынша орналасқан ""Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің "Қарлығаш" бөбекжайы" МКҚК меңгерушісі. Тел: 8(71137) 25145, detsad_karlgash@mail.ru
Негізгі қызметтерінің қысқаша сипаттамалары: Тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау; тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау; сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету; тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау; ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Лауазымдық жалақы мөлшерi: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 189 216 теңгеден 287 620 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;
педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 29031 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;
тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;
тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;
тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;
педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;
педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
"Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары);
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №23890 болып тіркелген) сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитариялық ережелер мен нормалар);
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек заңнамасының негіздері;
ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;
немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Арнайы білім беру ұйымының басшысы (меңгерушісі) (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар)
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі, 116а мекенжайы бойынша орналасқан БҚО әкімдігі білім басқармасы Шыңғырлау ауданының «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, тел. 8(71137) 33-628, pptk.chingirlau@gmail.com
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің негізгі бағыттары туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуында бұзылысы бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді. ППТК мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мәселелерінде білім беру ұйымдарының педагогтеріне консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қызметінің негізгі бағыттары ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау мақсатында туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру, балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау, жалпы білім беру мен арнайы білім беру ұйымдарында оларды қанағаттандыру жөнінде ұсынымдар беру, ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін білім беру бағдарламасының түрін белгілеу, ерекше білім беруді қажет ететін балалар дамуының ауытқуларын болдырмау және жеңу, оларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша отбасына кеңес беру.
Лауазымдық жалақы мөлшерi: еңбек сіңірген жылдарына байланысты 211 408 теңгеден 256 960 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;
педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;
білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді;
әдістемелік жұмысты басқарады;
құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;
бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;
педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;
ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;
барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;
компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
педагогикалық кеңесті басқарады;
жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын және арнайы (түзету) білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-азат жолындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Мемлекеттік білім беру |
||
Нысан |
||
__________________________ |
||
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және (немесе) облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету үшін нәтиже беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут; 2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні; 3) көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жерден басқа жердегі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 4) портал арқылы жүгінген кезде – бір жұмыс күні. 1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; 2) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут. |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап келеді |
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
тегін |
|
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00 мен 18.30 аралығы, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 2) Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектісі – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында, әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында; 2) www.egov.kz порталында |
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото; 4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама; 7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат; 10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес) 11) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары; 12) түйіндеме; 13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік. egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото; 3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама; 6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса); 7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ) сертификат; 8) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары; 9) түйіндеме; Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады. Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады. |
|
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
|
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
Ағза функциялары тұрақты бұзылған, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77777 нөмірлері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz; 2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
|
Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
|
____________________________ |
Өтініш
Мені _______________________________________________________________
(білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала\ ауыл)
____________________________________________________________________
бос/уақытша бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын.
Қазіргі кезде _________________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала \ ауыл)
жұмыс істеймін.
Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
|
|
|
Біліктілік санатының болуы (болған жағдайда берілген (расталған) күні):
_____________________________________________________________________
Жұмыс өтілі:
Жалпы |
Педагогикалық |
Мемлекеттік қызмет өтілі |
Мамандығы бойынша (кәсіпкерлік субъектілерінің мамандары үшін) |
Осы білім беру ұйымында, оның ішінде атқаратын лауазымында |
|
|
|
|
|
Мынадай жұмыс нәтижелерім бар: ___________
Марапаттары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса) __________________________________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес менің дербес деректерімді дербес деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін кез келген заңды тәсілдермен (фото, видео, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін) өңдеуге келісім беремін.
Мен келісемін ____________________________________________________
(ТАӘ (бар болса)) (қолы)
"____"______________20___жыл __________ /қолы/
|
Мемлекеттік білім беру |
Мемлекеттік білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына кандидатпен әңгімелесуге арналған тақырыптық бағыттар
|
Мемлекеттік білім беру |
|
Нысан |
Кандидаттардың құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуден өтуге және дербес деректерді өңдеуге ерікті келісімі
Мен, жеке басын куәландыратын құжаттың № ____________________,
"___" ___________ 20___ ж. берілген __________________ (куәлік берген орган),
ЖСН ___________, __________________________________________ мекенжайы
бойынша тұратын _____________________________________________________,
(кандидаттың ТАӘ (бар болса)), электрондық поштаның мекенжайы
"Дербес деректер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес өзімнің басқарушылық құзыреттерімді, жеке психологиялық бейінімді анықтауға бағытталған құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуден өтуге келісімімді беремін, сондай-ақ менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, атап айтқанда қазіргі уақытта да, келешекте де Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ақпаратты пайдаланушымен байланысты үшінші тұлғаларға менің дербес деректерімнің қандай да бір құқықтық қатынастарымен алуға, сақтауға, пайдалануға және таратуға келісімімді беремін. Осы келісім ақпаратты пайдаланушымен Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген құқықтар мен міндеттерді ақпаратты пайдаланушының тиісінше орындауы үшін қажетті барлық қатынастарға қолданылады және кадр резервін қалыптастыру кезеңінде де, осы кезең тоқтатылғаннан кейін де қолданылады.
Тестілеуді бастамас бұрын маған толық нұсқама берілді, осымен мен кандидаттарды Кадр резервіне іріктеу шарттарын қабылдайтынымды растаймын. Осы келісімнің мәтінін оқыдым, ол бойынша толықтырулар, ескертулер мен қарсылықтар жоқ.
Қолы: ______________________ "___" __________20___ ж.
Бірінші басшы лауазымына кандидат құжаттарды конкурсқа қатысуға жібергенге дейін заңнаманы білуге арналған сертификаттаудан және мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде білуге арналған тестілеуден (ҚАЗТЕСТ) өз бетінше өтеді.
Кандидаттар Кодексті, "Білім туралы" "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген), "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бұйрықтарын білуге сертификаттаудан өтеді.
Соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраушы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1) және 2) тармақшаларының негізінде қылмыстық қудалаушылығы тоқтатылған тұлғалардан басқа), бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыстар және/немесе адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдауды болдырмау мақсатында білім беруді басқару органының, тиісті саладағы уәкілетті органның кадр қызметі кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және/немесе құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы қосымша сұрау жолдайды.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысудан шеттетіледі.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттары бойынша біліктілігін бағалау үш жұмыс күні ішінде конкурстық комиссиясының отырысы арқылы жүзеге асырылады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Өткізілетін орны: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мәжіліс залы.
Қажетті құжаттар осы хабарландыру білім басқармасының сайтында жарияланған сәттен бастап, жеті жұмыс күні ішінде 2025 жылдың 7 – 15 сәуір аралығында мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Орал қаласы, Есқалиев көшесі 72, 207-бөлме. Анықтама телефоны: 26-05-04, эл.мекен-жай: n.kabdygalieva@bko.gov.kz
Конкурстың барлық кезеңдерінен өткеннен кейін әңгімелесудің күні мен уақыты үміткерлерге қосымша хабарланады.