«Әркімге қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асырудағы Жол картасын орындау шеңберінде 2024 жылдың маусым айының 03-07 күндері аралағында Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің Л.Қылышев ат.ЖОББМ және Шыңғырлау ЖОББМ-інде "Балақайлар мектебі" атауымен қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары өтуде.
Курстың мақсаты балалардың жаңа білім беру жағдайларына табысты бейімделуін, ойын әрекетінен оқу әрекетіне біртіндеп көшуін қамтамасыз ету арқылы 1-сыныпқа бейімделуіне жағдай жасау.
«Балақайлар мектебі» қурсы бойынша толық мәлімет алу үшін балаларыңыздың 1-сыныпқа құжатын тапсырған білім беру ұйымына хабарласуларыңызға болады.