«АРАЙ – ШАТТЫҚ ПЕН ДОСТЫҚ МЕКЕНІ»

«АРАЙ – ШАТТЫҚ ПЕН ДОСТЫҚ МЕКЕНІ»
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық «Арай» балалардың оқу-сауықтыру орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мерекелік шараға аудандық білім беру бөлімінің өкілдері, ардагер ұстаздар, тәрбиешілер, ата-аналар және лагерь қатысушылары қатысты. Ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл күйде өтіп, балаларға арналған жарқын бағдарламалар ұсынылды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Айбек Жаншаұлы құттықтау сөз сөйлеп, балаларға қызықты әрі мазмұнды жазғы демалыс тіледі. Сондай-ақ ауданның құрметті азаматы, ардагер ұстаз Адақ Танабайұлы Шотпанов, аудандық маслихат төрағасы Сағидолла Батырұлы, аудандық “Аманат” партиясының бірінші хатшысы Азамат Құлымжанұлы ақ баталарын беріп, жас ұрпаққа ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекелік бағдарламада «Әсем-ай» би тобының флешмобы, балалардың мәнерлеп оқу өнері мен жас өнерпаздардың ән шашуы көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Балаларға мерекелік тәттілер мен балмұздақтар таратылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
«Арай» лагері – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жаңа достар табуға және қызықты естеліктер жинауға мүмкіндік беретін ерекше орта.
Барша бүлдіршіндерімізге жарқын жаз, көтеріңкі көңіл күй және ұмытылмас демалыс тілейміз!