29 мамыр күні Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Отбасы күні мен Балаларды қорғау күніне арналған «ЖІГЕРЛІ ЖАНҰЯ» аудандық отбасылық спорттық байқауы жоғары деңгейде өтті.
Байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту және отбасылық ұйымшылдықты дамыту.
Сайысқа аудан мектептерінен келген белсенді жанұялар қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, ұйымшылдығы мен спорттық дайындығын көрсетті. Қатысушылар «Таныстыру», «Жылдам отбасы», «Көңілді старт», «Бірлік бар жерде», «Секір де, жүгір!» және «Тату жанұя» кезеңдерінде бақ сынады.
Байқау барысында әр отбасы жеңіске деген жігерін ғана емес, өзара сыйластық пен қолдаудың, татулық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсете білді. Көрермендер тартысты сайыстардың куәсі болып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік жанұялар анықталып, аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен және арнайы марапаттарымен мараптталды.
Осындай игі шаралардың басты құндылығы – отбасы мүшелерінің бірлігін арттырып, жас ұрпақтың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуінде.
Барлық қатысушы жанұяларға алғыс білдіріп, отбасыларына амандық, береке және толағай табыстар тілейміз!