Мерекелік шараға арнайы қонақтар қатысып, мектеп бітіруші түлектерге жүрекжарды тілектерін арнады. Атап айтқанда:

Облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, полковник Мақсат Жақияұлы Мұқанов;

Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Әсембек Уалиханұлы Ахметов;

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы әдістемелік орталығының алғашқы әскери дайындық әдіскері Мейрлан Аманжолұлы Нурқанов;

Шыңғырлау аудандық мәслихат төрағасы Тұрғалиев Сағидолла Батырұлы;

Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің басшысы Есенов Қуаныш Ығылманұлы;

Ақшат ауылдық округінің әкімі Айшуаков Ерлан Маликович;

Ақшат ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Ананьев Роман Владимирович қатысты.
Шара барысында мектеп директоры Китарова Лайла Толыбаевна құттықтау сөз сөйлеп, үздік ұстаздар мен озат оқушылар марапатталды. Түлектер ұстаздарына алғыс айтып, ән шырқап, әсем «Мектеп вальсін» биледі.