2026 жылдың 18 мамыр күні Шыңғырлау ауданында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Интернат педагогикасы: әдістемелік эволюция және тәжірибе трансформациясы» атты облыстық семинар-практикум жоғары деңгейде өткізілді.

🔰2026 жылдың 18 мамыр күні Шыңғырлау ауданында аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Интернат педагогикасы: әдістемелік эволюция және тәжірибе трансформациясы» атты облыстық семинар-практикум жоғары деңгейде өткізілді.
📌Іс-шараның негізгі мақсаты – интернат ұйымдарындағы тәрбие жұмысын жетілдіру, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына қолдау көрсету және заманауи тәрбие бағыттарын тәжірибеге енгізу болды.
📝Семинар барысында қатысушылар интернат педагогикасындағы өзекті мәселелерді талқылап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазіргі балалардың қызығушылығына сай тәрбие жұмысын ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты.
🎯Практикалық бөлімде арт-терапия элементтері ұсынылып, педагогтер шығармашылық жұмыстар арқылы кәсіби байланыстарын нығайтты. Сонымен қатар кері байланыс алаңында интернат жағдайындағы тәрбие кеңістігін дамыту мен педагог рөлінің маңызы кеңінен қозғалды.
✅Семинар-практикум тәжірибе алмасу алаңына айналып, қатысушыларға жаңа идеялар мен тиімді әдістер ұсынды.