2026 жылдың 14 сәуірінде Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты базасында 5–6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.
Осы білім додасында Ақтау ауылының НББОМ-нің 5-сынып оқушысы Тыныш Айсұлтан жаратылыстану пәнінен жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болды.

Жетекшісі: Байбулатова Арайлым Сериккалиевна

Тыныш Айсұлтан мен жетекшісі Арайлым Сериккалиевнаны осы айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да білім мен табыс жолында толағай жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!