28 сәуір күні Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат базасында өткен V облыстық «Тәуелсіз елдің өнерлі ұрпақтары» байқау-фестивалінде ауданымыздың талантты оқушылары жоғары жетістіктерге қол жеткізді.

Қобыз номинациясы бойынша

Сапиева Назым – ІІІ орын

«Аманат» этно-ансамблі – ІІ орын

Домбыра номинациясы бойынша

Сақтар Мақсат – Бас жүлде

Домра-прима номинациясы бойынша

Квакова Александра – Гран-при
Жас өнерпаздарымыздың бұл жетістігі – талмай еңбектің, ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен ата-аналардың қолдауының жемісі.
Білім бөлімі атынан жеңімпаздарымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, өнер көгінде жарқырай берулеріңізге тілектеспіз!