

«PASCO негізінде DATA зерттеу бағдарламасы» бөлімінде қатысушылар заманауи құралдармен жұмыс жасап, тәжірибе арқылы білімдерін жетілдірді. Атап айтқанда, Pasco құралдары арқылы зерттеу жүргізу, виртуалды зертханаларда тәжірибелер орындау, сондай-ақ алынған деректерді сараптап, қорытынды жасау дағдылары көрсетілді.