📚 «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті

📚 «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті
Сәуір айының 23 күні ауданымызда мектепке дейінгі білім беру саласының үздік мамандарын анықтауға арналған маңызды шара – «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған байқаудың басты мақсаты – заманауи білім беру талаптарына сай озық педагогикалық тәжірибелерді анықтап, оларды кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, кәсіби шеберлігі жоғары педагогтерді қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және мектепке дейінгі білім беру саласының беделін көтеру болып табылады.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
🔹 Онлайн кезеңде қатысушылар өздерінің е-портфолиосын ұсынып, «Заманауи тәрбиеші қандай болуы керек?» тақырыбында эссе жазды.
🔹 Оффлайн кезеңде педагогтер 15 минут көлемінде кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетіп, өз шеберліктерін дәлелдеді.
✨ Қатысушылардың барлығы өз ісіне деген адалдығын, шығармашылығын және жоғары кәсібилігін көрсете білді.
🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!