Жиналыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, жыныстық қол сұғушылықтың және суицидтің алдын алу, жаңа заң талаптарын түсіндіру, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болды. Сонымен қатар ата-аналардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, отбасы мен мектеп және құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.
Жиынға Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің басшысы , аудан прокуроры , аудандық полиция бөлімініңмамандары, төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, мектеп әкімшілігі, педагог-психологтар және ата-аналар қатысты.