2026 жылдың 10 сәуірінде Шыңғырлау ауданында педагогтердің аудандық тәжірибе алмасу алаңы аясында «Ағылшын тілі сабағында Listening, Speaking, Reading, Writing дағдыларын тиімді үйлестіру жолдары» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты – ағылшын тілі сабақтарында төрт дағдыны (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) тиімді кіріктіру арқылы оқыту әдістерін жетілдіру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында қатысушылар теориялық және практикалық бөлімдерде тәжірибе алмасып, заманауи әдіс-тәсілдермен танысты. Педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, сабақта қолдануға тиімді тәсілдерді ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында кері байланыс жүргізіліп, семинардың маңыздылығы жоғары бағаланды.

Өткізілген орны: Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Қатысушылар: аудан мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері

Мұндай кәсіби алаңдар педагогтердің тәжірибе алмасуына, білім сапасын арттыруға және жаңа идеялардың жүзеге асуына үлкен мүмкіндік береді.