«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өз мәресіне жетті!

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өз мәресіне жетті!
Облыстық кезең ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хатына және Білім басқармасының бұйрығына сәйкес қашықтан өткізіліп, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың өзін-өзі көрсетуіне, сондай-ақ рухани-адамгершілік және эстетикалық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.
🌟 Аталған байқауда Шыңғырлау ауданының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🔹 «Үздік ғылыми-көркем фильм» номинациясы бойынша:
🥇 I орын – Ақсуат негізгі орта мектебінің оқушысы Ринатұлы Арман (жетекшісі: А.Альмагамбетова)
🔹 «Анимация» номинациясы бойынша:
🥉 III орын – Ащысай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің оқушысы Самиголла Айша (жетекшісі: М.Нурушева)
🔹 «Балаларға арналған ең жақсы телебағдарлама» номинациясы бойынша:
📜 Алғыс хат – Жаумбай Айзере (жетекшісі: Т.Жұмагелді)
👏 Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың жетістіктері – ауданымыздың білім мен шығармашылық саласындағы табысының айқын дәлелі.
💫 Алдағы уақытта да жас таланттарға сәттілік тілейміз!