Шағын жинақты мектептің пән мұғалімдері арасынан шығармашылықпен жұмыстанатын, тұлғалық және кәсіби шеберлігін шыңдаумен айналысатын мұғалімдерді қолдау мақсатында 2026 жылдың 1 сәуір күні шағын жинақты мектептің пән мұғалімдерінің аудандық педагогикалық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға барлығы 60 педагог қатысып, төмендегі пәндер бойынша бақ сынасты:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен – 9 педагог
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен – 6 педагог
Ағылшын тілі пәнінен – 9 педагог
Тарих пәнінен – 6 педагог
Математика пәнінен – 8 педагог
Физика пәнінен – 4 педагог
Информатика пәнінен – 5 педагог
Химия пәнінен – 4 педагог
Биология пәнінен – 6 педагог
География пәнінен – 3 педагог
Олимпиада жеңімпаздары аудандық білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталып, қатысушы педагогтерге сертификаттар берілді. Облыстық кезеңге жолдама алған педагогтерімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз!