🏆 “Алтын тұғыр” олимпиадасының республикалық кезеңі!
2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық “Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасы өтті.
Аталған білім бәйгесіне Амангелді НОМ-ның бастауыш сынып мұғалімі Гайпназарова Багдат Джолдыбаевна қатысып, өз білімін жоғары деңгейде көрсетіп, нәтижесінде Грамотамен марапатталды.
Бұл – ұстаз еңбегінің жемісі мен кәсіби шеберліктің айқын көрінісі. Әріптесімізді жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!