Ағымдағы жылдың наурыз айында Қаржаубай Дәулет – Батыс Қазақстан облысы бойынша өткен ашық турнирде қарсыластарына қайсарлық танытып, жеңіс тұғырынан көрінген еді.
Бүгін жеңіспен оралған жас спортшы мен оның жетекшісі Азамат Өмірбайұлын білім бөлімінің басшысы арнайы қабылдап, алғыс хат пен сыйлық табыс етті. Бұл – жас талантқа көрсетілген үлкен құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі.
Дәулеттің әр жеңісі – болашақ үлкен жетістіктердің бастауы. Жас қыранның қанаты талмай, алар асуы асқақ болсын!