Көктемнің шуақты күндерімен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі жас спортшыларға жаңа серпін, жаңа мүмкіндік сыйлады. Сол мерекелік додада өз шеберлігін дәлелдеген жас былғары қолғап шебері – Қаржаубай Дәулет.
2013 жылы дүниеге келген, бүгінде 7-сыныпта білім алып жүрген Дәулет бокспен 3-сыныптан бері табандылықпен айналысып келеді. Әр жаттығу – оның арманына бастар бір қадам, әр жарыс – жігерін шыңдар сын алаңы.
Жас спортшы Батыс Қазақстан облысы бойынша өткен ашық турнирде қарсыластарына қайсарлық танытып, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл – тек бір күннің емес, маңдай тер мен тынымсыз еңбектің жемісі.
Оның жеңіс жолында бағыт-бағдар берген ұстаздары – Каукиев К.К мен Тажекенов А.Ө. Ұстаз бен шәкірт арасындағы сенім мен еңбектің үйлесімі осындай биік белестерге жетелейді.
Дәулеттің әр жеңісі – болашақ үлкен жетістіктердің бастауы. Жас қыранның қанаты талмай, алар асуы асқақ болсын!