«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында Шыңғырлау ауданының қос жас педагогтері жүлделі орын иеленді.

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында Шыңғырлау ауданының қос жас педагогтері жүлделі орын иеленді.
Ағымдағы жылдың 9–11 наурыз күндері Алматы қаласында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында Шыңғырлау ауданының қос жас педагогтері жүлделі орын иеленді.
Аталған байқаудың қорытындысы бойынша Шыңғырлау ауданы Амангелді негізгі орта мектебінің педагог-психологі Аманбаева Асима Мирболатовна жоғары кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін көрсетіп, жүлделі III орынға ие болса, "Жас тәлімгерлер" бөлімінде Ардақ МББК-нің тәлімгері Гумарова Асем Болатовна жүлделі II орынға ие болды.
Бұл жетістік – ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі, сондай-ақ ауданымыздың білім беру саласының дамуына қосылған маңызды үлес.
Шыңғырлау аудандық білім бөлімі атынан әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы қызметтеріне зор табыс, шығармашылық шабыт және жаңа биіктер тілейміз! 👏
Жетістіктеріңіз көп болсын!