«Жас құтқарушы» кабинеті ашылды

«Жас құтқарушы» кабинеті ашылды
Бүгін Л. Қылышев атындағы ЖОББМ-де маңызды әрі игілікті шара өтті. Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, түрлі төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге бағытталған «Жас құтқарушы» кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.
Шараға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Ығылманұлы Есенов және Шыңғырлау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Айбек Ибрагимұлы Джумабаев қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Қауіпсіздік – адам өміріндегі ең басты құндылық. Сондықтан жас ұрпақты төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, қауіпсіздік мәдениетін сақтауға үйрету – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Салтанатты шара барысында дәстүрлі лента қию рәсімі өтіп, жаңа кабинет ресми түрде ашылды.
Бұл кабинет оқушыларға білім беріп қана қоймай, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыратын маңызды орталыққа айналады деп сенеміз.