Шыңғырлау аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 27-ақпанында ауданның тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарихи аналитика: дереккөздермен жұмыс және фактілерді бағалау» атты семинар-практикум өткізілді. Негізгі мақсаты тарих пәні мұғалімдерінің дереккөздермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және GROW моделі негізінде сабақ жоспарын (ҚМЖ) сыни тұрғыдан талдау, фактілерді бағалаудың аналитикалық әдістерін оқу процесіне тиімді енгізу әдістемесін меңгерту. Іс-шараның негізгі мазмұны:

Практикалық блок: «Зерттеуге негізделген ҚМЖ: сабақ жоспарын талдау және бағалау» бағытында тарихшы педагогтер топтық жұмыс атқарды. Практикалық жұмыс барысында қатысушылар:

Тарихи дереккөздерді сабақ барысында пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетті;
берілген уақыт ішінде қысқа мерзімді жоспарларды құрастырып, (ҚМЖ) GROW моделіне салып, талдау жасады; Оқушылардың тарихи фактілерді бағалау дағдыларын дамыту бойынша өзара тәжірибе алмасты. Семинар-практикумға қатысқан аудан тарихшылары жоғары белсенділік танытты. Іс-шара соңында қатысушылар коучингтік тәсілдерді тарих сабағының ерекшелігіне қарай бейімдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар алды. Семинар соңында кері байланыс беріліп, қорытындыланды.