🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉

🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉
Мектеп парламенттерінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының тиімді жұмыс тәжірибесін анықтау және балалар мен жасөспірімдер қозғалысын ұйымдастырудың озық формалары мен әдістерін жетілдіру мақсатында өткен «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының облыстық кезеңінде
Ащысай мектеп-бөбекжай-балабақша кешені мектеп парламенті (Жетекшісі Рзиева А.Б.) жүлделі ІІ орынға ие болды. 🏆
Бұл — оқушылардың белсенділігі мен көшбасшылығының, ұстаздардың жүйелі еңбегінің және мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанының айқын дәлелі.
👏 Жеңімпаздарды, мектеп ұжымын және жетекші педагогті шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!