
Қатысушыларымыздың білім беру саласындағы жаңа тәсілдер мен идеяларды көрсету үшін үш тур бойынша бақтарын сынады:

«Шығармашылық жолдың бастамасы» – өзін-өзі таныстыру, мамандыққа деген көзқарас пен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсету.

«Заманауи сабақ» – бейтаныс сыныпта сабақ өткізу, педагогтың шеберлігі мен жаңашылдығын таныту.

«Адал азамат» – азаматтық және құндылықтық бағдарларды ықпалдастыру.
Бұл байқау жас ұстаздардың ынталануына, шығармашылығын дамытуға және педагогикалық қызметке деген сүйіспеншілігін арттыруға зор мүмкіндік берді! Облыстық кезеңге жолдама алған әріптесті құттықтаймыз!