Ауданымызда оқушылар арасындағы Республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.
Ауданымызда оқушылар арасындағы Республикалық пікірсайыс турнирінің аудандық іріктеу кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты да мазмұнды өтті. Турнир барысында жас пікірсайысшылар өзекті тақырыптарды терең талдап, ұтымды дәлелдерімен, шешендік шеберліктерімен ерекшеленді.

Қорытынды нәтиже:

1 орын – Л.Қылышев атындағы ЖОББМ

2 орын – Тасмола ЖОББМ

3 орын – Шыңғырлау ЖОББМ, А.Тихоненко атындағы ЖОББМ

Арнайы номинациялар:
• Үздік спикер – Оразғалиева Аяулым (Л.Қылышев атындағы ЖОББМ)
• «Үздік аналитик» – Жарас Айкөркем (А.Тихоненко атындағы ЖОББМ)
• «Ең конструктивті сөз» – Ишекенов Данияр (Шыңғырлау ЖОББМ)
• «Ребаттл шебері» – Бақыт Аңсар (Тасмола ЖОББМ)
• «Импровизация шебері» – Сапаров Диас (Л.Қылышев атындағы ЖОББМ)
Жеңімпаз атанған І орын иегерлері Л.Қылышев атындағы ЖОББМ фракциясы облыстық кезеңге жолдама алды.
Барлық қатысушыларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз!