5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі

5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі
2026 жылғы 19 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша 5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі Шыңғырлау ЖОББМ базасында өтуде. Олимпиада «smart.daryn.kz» онлайн-платформасында ұйымдастырылуда.
Облыстық кезеңге ауданымыздан 9 оқушы қатысуда. Бұған дейін аудандық кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен білім алушылар енді келесі сатыда өзара бақ сынауда.
Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілуде:
– математика;
– жаратылыстану;
– қазақ тілі мен әдебиеті;
– орыс тілі мен әдебиеті;
– орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі;
– қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі;
– ағылшын тілі;
– Қазақстан тарихы.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың зияткерлік іс-шараларға қызығушылығын арттыру, қабілеттерін анықтау және дамыту, дарынды балалармен жұмысты күшейту және республикалық кезеңге үміткерлерді іріктеу.
Қатысушы оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Жоғары нәтиже көрсетіп, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! 👏📚