2025–2026 оқу жылындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды

2025–2026 оқу жылындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды
2025–2026 оқу жылында 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған білім бәйгесі 5–9 қаңтар күндері аралығында №51 жалпы білім беретін мектебінің базасында жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Олимпиаданың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау, академиялық әлеуеті жоғары оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуына жағдай жасап, кәсіби бағдарлануына жол ашу болып табылады. Бұл сайыс – оқушылардың білім деңгейін шыңдап қана қоймай, өзара тәжірибе алмасуына, үздік шәкірттердің анықталуына мүмкіндік берген маңызды білім додасы.
Облыстық кезең қорытындысы бойынша бірқатар оқушылар жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды.
ІІІ орын иегерлері:
• Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Нұр Рухия
(жетекшісі – Абакова Сымбат Айғалиқызы)
• Ағылшын тілі пәнінен Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Кульшариева Інжу
(жетекшісі – Мухамбетжанова Сандуғаш Орынбасаровна)
• Қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәнінен Ащысай МББК-нің 10-сынып оқушысы Утебекова Көркем
(жетекшісі – Тайкенова Райхан Нагимовна)
Алғыс хат иегерлері:
• Қазақстан тарихы пәнінен Шыңғырлау ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Кылышпаев Алибек
(жетекшісі – Тайпаков Сабыргали Бакытгалиевич)
• Қазақстан тарихы пәнінен Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Ғаділбек Нұрдаулет
(жетекшісі – Мулдагалиева Кадиша Сейлхановна)
• Қазақстан тарихы пәнінен Шыңғырлау ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Бақытғали Жансерік
(жетекшісі – Тайпаков Сабыргали Бакытгалиевич)
Жүлдегер атанған барлық оқушыларымыз бен оларды білім биігіне жетелеген жетекші ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Білімге деген құштарлықтарыңыз бен табандылық еңбектеріңіз алдағы уақытта да толағай жетістіктерге жетелей берсін! 🌟📚