9–11 сынып оқушылары арасындағы «Тәуелсіздік CUP» облыстық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өз мәресіне жетті!

«Тәуелсіздік CUP» турнирінің аудандық кезеңі жалпы ережелеріне сәйкес өткізіліп, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы өзекті мәселелерді талдау арқылы сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатын көздеді. Турнир оқушылардың шешендік өнерін жетілдіріп, өз көзқарасын дәлелді қорғау мәдениетін қалыптастыруға мүм­кіндік берді.
Турнир қорытындысы:
🥇 1 орын – Тасмола ЖОББМ
🥈 2 орын – Л.Қылышев атындағы ЖОББМ
🥉 3 орын – Алмаз МББК
🥉 3 орын – Шыңғырлау ЖОББМ
Арнайы номинациялар:
🏆 «Үздік спикер» – Аманқызы Інжу (Ақсуат НОМ)
🏆 «Үздік қарсылық» – Ащысай МББК фракциясы
🏆 «Үздік төреші» – Ащысай МББК кешенінің педагогы Султанов Науша Уахитұлы
Жеңімпаз Тасмола ЖОББМ фракциясы облыстық кезеңге жолдама алып, аудан намысын қорғайтын болады.
Турнирге белсене қатысып, жоғары дайындық көрсеткен барлық командаларға, жетекші педагогтерге және әділ бағасын берген төрешілер алқасына алғыс білдіреміз!
Жас дебатшыларымызға алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!