10 желтоқсан күні әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспары аясында Тасмола ЖОББМ базасында педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған әдістемелік интенсив өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – педагогикалық ұжымдағы кәсіби тоқырау факторларын анықтау, сондай-ақ мұғалімдердің БЖБ/ТЖБ нәтижелерін сабақ жоспарлау үдерісінде тиімді пайдалану құзыреттілігін дамыту болды.
Зерделеу жұмыстары шеңберінде әдіскерлер түске дейін барлық жоспарланған сабақтарға қатысып, оқу үдерісінің ұйымдастырылуын, мұғалімдердің әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктерін және оқушылардың оқу әрекетін жан-жақты бақылап, талдау жұмыстарын жүргізді. Сабақтарға қатысу нәтижелері кейінгі әдістемелік талқылаулар мен ұсынымдарды әзірлеуге негіз болды.
Түстен кейін әдіскерлер педагогтердің кәсіби даму бағыттарын қолдау мақсатында тақырыптық семинар өткізді. Семинар барысында инклюзивті білім беру бойынша арнайы жұмыс атқаратын мамандарға әдістемелік нұсқаулар ұсынылып, практикалық кеңестер берілді. Сонымен қатар үйден оқыту бағытында жұмыс істейтін педагогтармен жеке кездесу ұйымдастырылып, қажетті әдістемелік қолдау көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогикалық ұжымдағы кәсіби тоқырау факторларын анықтау, сондай-ақ мұғалімдердің БЖБ/ТЖБ нәтижелерін сабақ жоспарлау барысында тиімді қолдану құзыреттілігін дамыту болды.
Интенсив барысында келесі жұмыстар атқарылды:
• сабақтарды зерделеу және бағалау нәтижелерін талдау арқылы педагогтердің кәсіби өсу бағыттары айқындалды;
• әдіскерлер тарапынан деректерді сабақ мақсаттарына бағыттап қолдану тәсілдері ұсынылды;
• қатысушылар SMART қағидаты негізінде мақсат қоюды тәжірибелік түрде орындап, нақты деректерге сүйене отырып қысқа мерзімді жоспар әзірледі;
• жасалған жоспарлар топтық форматта талқыланып, өзара бағалау жүргізілді.
«Еркін микрофон» бөлімінде мұғалімдер іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, деректерге негізделген жоспарлаудың маңыздылығын атап өтті.
Интенсивтің қорытындысы педагогикалық ұжымда аналитикалық ойлау және деректермен жұмыс жүргізу мәдениетін дамытуға оң әсер етті.