Әріптесіміз – республикалық байқаудың жеңімпазы!

Білім бөлімі үшін қуанышты жаңалық – “Болашақ” бөбекжайының педагогы Ұлболсын Қалиматқызы республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 3-орын иеленді!
Бұл жетістік – ұстазымыздың кәсіби шеберлігі мен табанды еңбегінің жемісі.
Ұлболсын Қалиматқызы – өз ісіне адал, шығармашылыққа бай, әдістемелік тұрғыдан жаңашыл маман. Оның байқауға ұсынған авторлық бағдарламасы мазмұн тереңдігімен және әдістемелік ерекшелігімен көзге түсіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Бұл марапат – педагогтың жеке жеңісі ғана емес, өңіріміздің білім саласы үшін үлкен мақтаныш. Мұндай табыстар жас мамандарға үлгі болып, ұжымға ерекше серпін береді.
Білім бөлімі атынан Ұлболсын Қалиматқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық жолыңызда жаңа белестер мен жемісті жетістіктер тілейміз.
«Ұстаздың еңбегі – елдің ертеңі» екенін дәлелдеп жүрген сіздей мамандарға алғыс айтамыз!