Бүгін А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директорларына арналған «БІР ҚАДАМ АЛҒА: ТӘЖІРИБЕДЕН – ТАБЫСҚА» атты аудандық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты:
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, жобалық технологияларды тәжірибеде тиімді қолдану, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мектеп директоры Л.Т. Китарова семинарды ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Шара барысында мектептің әлеуетін айқындайтын жобалар таныстырылып, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың еңбегі көпшілік назарына ұсынылды.
📌 Семинар аясында ұсынылған жобалар:
• «Саз балшық құпиясы» – Кенжебекова Н.М.
• «Жас сарбаз» – Калмаганбетов А.Е.
• «Робот техникасы» – Исекенов Р.С.
• «Қазақ ертегілері қуыршақтар театрында» – Есенаманова Г.Г., Ульярова А.К.
• «Сөзден өрілген әлем» – Айымжанова Ж.Қ.
• «Шебер қолдар» – Измуханова А.Б.
• «Қамшы өру» – Уметьяров М.Я.
• «Бес асық» – Жумагулова Н.Қ.
• «Эко-өнер: таза ауыл» – Баймуханова К.Д.
• «Тірі табиғат бұрышы» – Саркулова Н.Т.
• «Теннис спорты: негізгі ережелер мен тәсілдері» – Каукиев А.К.
• «Пауэрлифтинг спортын дамыту жолы» – Наурызбаев А.Н.
• «Бокс және салауатты өмір салты» – Каукиев К.К., Тажекенов А.У.
Бұл жобалар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылығын дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және олардың тұлғалық қалыптасуына зор мүмкіндік беретінін көрсетті.
🔄 Семинарда қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісіп, кәсіби дамуға серпін алды.
Шара соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Есенов және қатысушы мектеп директорлары кері байланыс беріп, семинар жұмысына жоғары баға берді. Сонымен қатар мектеп ұжымына шахмат тақтасы сыйға тартылып, ерекше құрмет көрсетілді.
Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз!