7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, ғылыми білімге қызығушылығын арттыру, қабілеті жоғары білім алушыларды анықтау және оларды республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларға дайындау. Сонымен қатар, дарынды балалармен жұмысты ерте кезеңнен қолдау, бейіндеу және олардың шығармашылық мүмкіндігін ашу мақсатында ағымдағы жылдың 3-4 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне басталды. Биылғы олимпиадаға 130 оқушы қатысуда.
3 желтоқсан күні 7-сынып оқушылары үшін:
сағат 10:00-де – жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері, 14:00-де – қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері өткізіледі.
4 желтоқсан күні 8-сынып оқушылары үшін:
сағат 10:00-де – жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері, 14:00-де – қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша олимпиада жалғасады.