
«Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі – 2025 🏅
2025 жылдың 4–6 қараша аралығында Астана қаласында өткен «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестиваліне еліміздің 20 облысынан 459 оқушы қатысып, үш бағыт бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыстар бочча, «Біз жеңімпаз боламыз!» инклюзивті командалық эстафетасы, және жеңіл атлетика бағыттарында ұйымдастырылды.
Фестиваль нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы құрамынан қатысқан Л. Қылышев атындағы ЖОББ мектебінің оқушылары командасы жеңіл атлетикадан V орынға ие болды! 🎉
Сондай-ақ:
🥉 Орал қаласының Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі – ІІІ орын
🏅 Шыңғырлау ауданы командасы – V орын
🏅 Қаратөбе ауданы командасы – VI орын
🏅 Теректі ауданы командалары – VII және VIII орындар
👏 Жарысқа қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген барлық оқушылар мен жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз!
Жетістіктеріңіз жемісті болып, алдағы жарыстарда да жаңа белестерді бағындыра беріңіздер! 💪
БҚО құрамасы жалпы командалық есепте V орын тұғырынан көрініп, фестивальге қатысушы жас спортшылар көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне оралды! 🌟