«Шексіз әлем» байқауы – ерекше балаларға арналған шығармашылық мереке! 🌈

«Шексіз әлем» байқауы – ерекше балаларға арналған шығармашылық мереке! 🌈

Қазан айында ауданымыздың білім беру ұйымдарында оқитын 9–13 жас аралығындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар арасында аудандық «Шексіз әлем» байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – ерекше балалардың тұлғалық дамуына жағдай жасау, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, экологиялық білімін кеңейту және табиғатты аялауға баулу болды. 🌱
Қатысушылар үш бағыт бойынша өз таланттарын көрсетті:
🎨 «Шексіз қиялдағы туған жер» – туған өлкенің сұлулығын сурет арқылы бейнеледі;
🌸 «Шебер қол – өнер көзі» – қалдық материалдардан әсем бұйымдар жасап, шеберліктерін танытты;
🎤 «Жасыл әлем жыры» – табиғат туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, ақындық қабілеттерін көрсетті.
Байқау жеңімпаздары аудандық білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталып, үш кезеңнен үздік шыққан қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алды! 🏆
✨ Бұл байқау – ерекше балалардың шығармашылығын қолдап, олардың шексіз мүмкіндіктерін танытқан тамаша шара болды!