Оқушылар арасында жеңіл атлетикадан мектеп лигасы жарысы өтті!
Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жеңіл атлетика дағдыларын дамыту болды.
📍 Сайысқа әр жастағы оқушылар қатысты. Жүгіріс, секіру, лақтыру сияқты түрлі спорттық бағыттар бойынша өз күштерін сынады.
Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің шыдамдылығы мен шеберлігін дәлелдеді.
🥇 Жүлдегерлер марапатталып, жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
👏 Барша қатысушылар мен жетекші ұстаздарға алғыс айтамыз!
Спорт — денсаулық кепілі!