ҰСТАЗҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ДЕГЕН ІЗЕТ

ҰСТАЗҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ДЕГЕН ІЗЕТ

Білім саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, сансыз шәкірттерді тәрбиелеген ардагер ұстаз Кітабия Скендірқызы бүгінгі күні де ел ықыласына бөленіп келеді. Ұстаздар күніне орай бөлім басшысы Қуаныш Ығылманұлы ардагер педагогтың үйіне арнайы барып, төл мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Кездесу барысында Қуаныш Ығылманұлы Кітабия Скендірқызының білім беру ісіне сіңірген еңбегіне ерекше тоқталып, оның шәкірт тәрбиелеудегі үлгі-өнегесін жастарға үлгі ету қажеттігін айтты. Ардагер ұстаздың еңбек жолы – адалдық пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Ол ұзақ жылдар бойы өз ісіне адал болып, өскелең ұрпақтың бойына біліммен қатар тәрбиені де сіңіре білді.

– Сіздің шәкірттеріңіз бүгінде елдің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, қоғамның әр саласында табысты қызмет етіп жүр. Бұл – сіздің ерен еңбегіңіздің жемісі. Біз сіз сияқты ұстаздарымызды әрдайым қадірлейміз, – деді бөлім басшысы өз сөзінде.

Кітабия Скендірқызы өзіне көрсетілген құрметке риза болып, шәкірттері мен әріптестеріне, кейінгі жас мұғалімдерге ақ батасын берді.

Мұндай кездесулер – өскелең ұрпаққа үлгі, ардагер ұстаздарға құрмет көрсету арқылы біз ұлт болашағына қамқорлық жасап келеміз. Ұстазға деген құрмет – мәңгілік.