Ұстаз – ұлы есім. Ұстазға құрмет көрсету – адамдықтың, парасаттылықтың белгісі. Бүгінде ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген білім саласы мамандары үшін ұстаздық жолдың қадірі мен қасиеті ерекше.
Солардың бірі – білім бөлімінің басшысы Қуаныш Ығылманұлы. Ол жылма-жыл дәстүрге айналған игі үрдіспен өзінің ұстазы – ардақты педагог Адақ Танабайұлын Ұстаздар күнімен арнайы барып құттықтауды ұмыт қалдырмайды. Бұл – жай ғана құттықтау емес, шынайы алғыс пен ілтипаттың, ұстаз еңбегіне деген терең құрметтің көрінісі.
Адақ Танабайұлы – ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеген, ұрпақ бойына ізгілік дәнін сепкен білікті ұстаз. Оның тәрбиесін көрген талай шәкірт бүгінде ел игілігі жолында қызмет етіп жүр.
Бүгінгі күні осындай тағылымды дәстүрлер жас буынға өнеге болып, ұстазға деген шынайы ықыластың жандануына жол ашып келеді.