Балаларға жылулық сыйлайық! «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды

Балаларға жылулық сыйлайық!   «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды

Жаңа оқу жылының қарсаңында мейірім мен ізгілікке толы игі дәстүр қайта жалғасын тапты. Тамыздың алғашқы күнінен бастап елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Бұл — көмекке зәру балғындарға үміт сыйлайтын, қайырымды жандардың шапағаты сезілетін ерекше бастама.

Акцияның басты мақсаты — аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық барысында қол ұшын созу. Әлеуметтік жағдайына байланысты мектеп табалдырығын аттай алмай қалу қаупін жою — осы акцияның арқауы.

Акция аясында төмендегідей жұмыстар қолға алынады:
– Оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсету;
– Әлеуметтік қиындықтарға тап болған балаларды мектеппен қамту;
– «Жедел желі» және «Сенім телефондары» арқылы дер кезінде жауап беру;
– Арнайы көмек қабылдау пункттерін ұйымдастыру.

Бұл шара — тек материалдық көмек емес, бұл — әр баланың бойына сенім, жүрегіне жылу ұялататын ізгі амал. Кішкентай жүректердің қуанышы — үлкендердің мейірімділігімен тікелей байланысты.

Құрметті аудан тұрғындары!
Жақсылық жасаудан қашпаған халқымыз үшін бұл — тағы бір үлкен сауапты іс. Баршаңызды осы игі шараға белсене қатысуға шақырамыз. Бірге жүріп жақсылық жасайық, балалардың болашағына үміт сыйлайық!

Мекенжайымыз:
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы,
Л.Қылышев көшесі, 89 үй

Байланыс телефондары:
+7 (71137) 34284
+7 (775) 667-64-32

Қайырымдылық – адамгершіліктің айнасы! Аудандық білім беру бөлімінің баспасөз маманы Аягөз Бақтығали