Осы ерекше жетістікке орай Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі атынан Жансаяға Алғыс хат табысталды. Сахна төріне білімге құштар Жансаямен бірге оның сынып жетекшісі Нұржанар Бүкембайқызы, сондай-ақ әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-анасы – Нұрбол Букесович пен Ардак Адильжановна шақырылып, зор құрмет көрсетілді.
Дарынды шәкіртімізге, жанашыр ата-анасына және жауапты ұстазына алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар, биік белестер тілейміз!