«Алтын белгі» төсбелгілерін табыстады

«Алтын белгі» төсбелгілерін табыстады
Шыңғырлау ауданының әкімі білім бәйгесінде биік белестерді бағындырған үздік 6 түлекті қабылдап, «Алтын белгі» төсбелгілерін табыстады. Сондай-ақ, олардың ата-аналарына да бала тәрбиесіндегі үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.
🏅 2025 жылғы «Алтын белгі» иегерлері:
1. Аблай Ержан Саматұлы
2. Бигалиева Альмира Маликовна
3. Жарлыгасова Томирис Талгатовна
4. Елемес Гүлсезім Елеусинқызы
5. Қайржан Алдияр Нұрбекұлы
6. Кужиева Меруерт Асқарқызы
✨Бұл – тек оқу үлгерімінің емес, табандылық пен мақсаткерліктің де көрінісі. Әр түлек өз білімін дәлелдеп, ғылым мен өнер, спорт пен шығармашылық салаларында да зор жетістіктерге жеткен.
🌟 Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың осындай биік жетістікке жетуінде Сіздердің еңбектеріңіз зор. Еліміздің білімді ұрпағын тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз!