Әдістемелік кеңес

Әдістемелік кеңес

Аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 13 мамыр күні директорлардың оқу-әдістемелік орынбасарларының қатысуымен Ақсай қаласының №2 мектебінің базасында әдістемелік кеңес оздырылды.
Жоспарлау бөлімінде анықтамалар бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Әдістемелік көмек көрсетілген мектептер әдіскерлер тарапынан жасалған ұсыныстарға кері байланыс беріп, жетілдіру-түзету жұмыстарының жүргізілу барысын мәлімдеді.
Біліс беру бөлімінің кадрлар бойынша әліскері А.Байниязова педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидалары бойынша таныстырылым жасап, сұрақтарға жауап берді. Дарынды оқушылармен жұмыс бойынша әдіскер А.Муфтиев оқушыларды олимпиада, ғылыми жоба, байқауларға дайындаудың тиімді жолдарын ұсынып, жүйелі жұмыс жүргізу керектігін ескертті.
Практикалық бөлімде жеке және топтық жұмыс түрлері жүргізіліп, қатысушылар оқу жылында жасалған жұмыстарының түрлі бағыттары бойынша пайыздық өлшемін шығарып, дәлелдер жазды. Топтық жұмыста жылдық жұмыс жоспарының осы кезге дейін атқарылған шараларына свот талдау, ДОІО-ның бір күндік және бір апталық циклограммасын, сабақ беру процесін бақылаудың тиімді жолдарын, мектепішілік семинар тақырыптарын ұсынды.
Кеңес соңында жүргізілген жұмыстар қорытындыланып, кері байланыс ұсынылды, ұйымдастыру сұрақтары талқыланды.

ӘК меңгерушісі Т.Нугманова