📌Облыстық «Жасыл сахна» қуыршақ театры байқауы өтті. Мұндағы мақсат—қуыршақ театры арқылы қоршаған орта мәселелеріне назар аударта отырып, оқушылардың көркемдік қабілеттерін және шығармашылық талғамын дамытып, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Оған аудан мектептерінен 11 қуыршақ театр командасы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Ақсай қаласының №6 МЛ 10-сынып оқушыларынан құралған команда жүлделі🥉3 орынға ие болды. Жетекшілері Г. Максутова, Д. Аймуратова.
Құттықтаймыз!