«Даналық мектебі-ұрпақтар сабақтастығы: Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру» атты семинар-практикумы

«Даналық мектебі-ұрпақтар сабақтастығы: Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру» атты семинар-практикумы

Аудандық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сай 2 мамыр күні «Ақ Сұңқар» бөбекжайының базасында ауданның мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері мен басшыларына арналған аудандық «Даналық мектебі-ұрпақтар сабақтастығы: Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру» атты семинар-практикум өтті. Мұндағы мақсат—білім, тәжірибе және рухани-мәдени құндылықтардың үлкен буыннан кейінгі жас ұрпаққа берілуі мен жалғасуының маңыздылығын білдіру. Шара «Ақ Сұңқар» бөбекжайында «Ұлттық құндылықтар» кабинетінің ашылуымен және бөбекжай бүлдіршіндерінің «Ауылымды сағындым» атты сазды сәлемдемесімен басталды. «Даналық мектептер» оның ішінде «Әжелер мектебі» мен «Әкелер мектебі» бүлдіршіндермен бірге өз өнерлерін көрсетті. «Арман», «Арай», «Жұлдыз» бөбекжайлары мен Бумакөл МББК-нің тәрбиешілері ұлттық құндылыққа бағытталған шебер сыныптар көрсетіп, «Ұлттық ойындар керуені» атты мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар жәрмеңкесін ұсынып, керемет көрмемен бөлісті.
Семинар соңында семинарға қатысушылар кері байланыс жасап, өз ойларын сауалнама арқылы білдірді.