
2 сәуір күні Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің басшысы жанындағы аппараттық отырысы өтті. Оған аудан мектептерінің, балабақшалар мен мектептен тыс ұйымдарының басшылары, бөлім қызметкерлері қатысты. Аталмыш жиында бөлім басшысы А.Тржанова 27 наурыз күні Астана қаласында облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыстағы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың тапсырмаларымен таныстырды. Әр тапсырмаға сәйкес Бөрлі ауданының көрсеткіш деңгейлеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Атап айтсақ, «Ұстаз» платформасына құжаттардың толтырылу деңгейі, Жазғы демалыс лагеріне дайындық, «Біртұтас тәрбие», «Адал азамат» бағдарламалары, Инвентаризация жүргізу, бухгалтерлік есептердің уақытылы тапсырылу мәселелері, материалдық құндылықтардың есебі туралы, Білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестациядан өту жұмыстарының ұйымдастырылуы мәселелері көтеріліп, білім беру ұйымдарының басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
@oqu_agartu_ministrligi @bqobilimbasqarmasy @departament_zko