📌21 қаңтар күні «EDU Stream» халықаралық білім беру орталығы «Express Publishing» халықаралық ресми өкілі ұстаздарға арналған әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ақсай қаласының №3 ЖОББМ базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «PHONICS AND EARLY READING STRATEGIES FOR YOUNG LEARNERS» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда «EDU Stream» баспасының әдіскері М.Е.Ргизбаева және БҚО бойынша амбассадор М.Ж.Рахимжанова ағылшын тілі мұғалімдерінің қалыптасқан кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, бастауыш сыныпта ағылшын тілі пәніне арналған әдістемелік кешендерді тәжірибе жүзінде тиімді пайдалану бойынша практикалық жұмыстарды жүргізіп, сабақты тиімді ұйымдастыру және оқушылардың қызығушылығын арттыру бойынша ұтымды әдістерімен бөлісті.