Бөрлі ауданының кітап оқу амбассадоры марапатталды

Бөрлі ауданының кітап оқу амбассадоры марапатталды

Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінде кітап оқу мәдениетін насихаттауға арналған «Кітап – ақыл-ой қазынасы» салтанатты шарасы өтті. Өткен шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар және Шыңғырлау ауданынан арнайы келген делегация өкілдері қатысты. Кездесу барысында Шыңғырлау ауданында өткен облыстық «Мен оқыған 30 кітап» байқауында «Бөрлі ауданының кітап оқу амбассадоры» атанған Шынтас Інкар Шыңтасқызы марапатталды. Делегация өкілі Шотпанов Адақ Танабайұлы жас оқырманға арнайы төсбелгі мен куәлікті салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар оның ата-анасына Шыңғырлау ауданы әкімінің алғыс хаты берілді. Қазақстан журналистер одағының мүшесі Байболат Самат Сергеевич құттықтау сөз сөйлеп, жас оқырмандарға сәттілік тіледі. Шара барысында мектеп оқушылары ән айтып, кітап, білім және Отан тақырыбындағы өлеңдерін оқыды.

Кітап оқу – жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттыратын маңызды құндылық. Жас амбассадордың жетістігі – оқушыларды кітап оқуға ынталандыратын жақсы үлгі.