Ақсай қаласында жаңа №9 жалпы орта білім беретін мектебі қолданысқа берілді

Ақсай қаласында жаңа №9 жалпы орта білім беретін мектебі қолданысқа берілді

2026 жылғы 18 тамыздан бастап Ақсай қаласында жаңа №9 жалпы орта білім беретін мектебі қолданысқа беріліп, мектеп директоры қызметіне Кукенова Жазира Галиевна тағайындалды.
Жазира Кукенова — Республикалық кадр резервінің резервисті. Жоғары білімді, басшы-көшбасшысы санатындағы басшы

Жаңа білім ошағы оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруге, заманауи талаптарға сай білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

2026 жылғы *20 тамыздан* бастап Ақсай қаласы №9 жалпы орта білім беретін мектебі оқушылардың құжаттарын қабылдауды бастайды.

Жаңа мектептің ұжымы мен оқушыларына жаңа оқу жылында толағай табыс, шығармашылық жетістіктер және жарқын болашақ тілейміз!

№9 жалпы орта білім беретін мектебі өз оқушыларын құшақ жая қарсы алып, білім мен тәрбие жолындағы жаңа белестерге бірге қадам басуға дайын!