
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудан әкімдігінде өткен салтанатты шарада ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген мамандар мен шығармашыл жастар марапатталды. Бөрлі ауданының білім беру бөлімі басшысы А.Тржанованың Алғыс хатымен:
* «Бурлинские вести – Бөрлі жаршысы» газетінің бас редакторы Дариға Нұрашова
* «Қарашығанақ ТВ» телестудиясының тілшісі Майя Амирова
* Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Арайлым Жақсылықова
* Ақсай қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханашысы Гульнара Тайкешева
* Жәкібай Кәусар – республикалық «Жарқын болашақ – 2026» қазақ тілі олимпиадасының «Жас қаламгер» бағыты бойынша ІІІ орын иегері, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы марапатталды.
Сонымен қатар, Бөрлі ауданы әкімінің Алғыс хатымен Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің баспасөз хатшысы Анаргүл Шамбай марапатталды.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін. Ақпарат саласы мен білім беру жүйесінің дамуына қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!