Жекелеген санаттағы балалармен әлеуметтік педагогтің жұмыс барысы

Жекелеген санаттағы балалармен әлеуметтік педагогтің жұмыс барысы

Бөрлі ауданының білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтарына арналған «Жекелеген санаттағы балалармен әлеуметтік педагогтің жұмыс барысы» атты семинар өтті. Іс-шара Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылып, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың өзекті мәселелері талқыланды.

🔹 Семинар мақсаты – жекелеген санаттағы балалармен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, олардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау көрсету жолдарын түсіндіру, мамандар арасында тәжірибе алмасу.

📌 Қарастырылған негізгі тақырыптар:
– «Otbasy First» ата-аналарды қолдау бағдарламасы
– Жекелеген санаттағы балалармен тиімді әлеуметтік жұмыс
– Қиын жағдайдағы отбасылармен жұмыс алгоритмі
– Әлеуметтік қауіп-қатер тобын ерте анықтау әдістері
– Педагог пен бала арасындағы сенімді қарым-қатынаста эмоционалды интеллекттің рөлі

💬 Семинар барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты кейстерді талқылады, сұрақ-жауап форматында пікір алмасты.