Ақпанның 6–8 күндері Орал қаласында Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Аталған жарыста Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің ұлдар командасы жүлделі III орынға ие болды. Жетекшісі – Аслан Садыков.
Қыздар командасы жарыста I орын жеңіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі – Айдос Ашығалиев.
Сондай-ақ жарыс барысында «Үздік ойыншы» номинациясы Щербинин Ярослав пен Иликеева Самираға берілді.
Командаларды және жеке жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жеңімпаз қыздар командасына республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!