Білім басқармасының басшысы Е.Сафуллин «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтеріп жатқан мектептердің құрылыс қарқыны мен сапасына шолу жасады

Білім басқармасының басшысы Е.Сафуллин «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтеріп жатқан мектептердің құрылыс қарқыны мен сапасына шолу жасады

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Бөрлі ауданында үш жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл білім беру нысандары “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асып жатыр.

Атап айтқанда:
• 🏫 Пугачев ауылында – 300 орындық мектеп,
• 🏫 Ақсай қаласының Ихсанов көшесінде – 300 орындық мектеп,
• 🏫 13-ықшамауданда – 900 орындық мектептің құрылысы басталған.

Жаңа мектептер заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын ұсынуға бағытталған.

Облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин құрылыс жүріп жатқан нысандарды арнайы аралап, құрылыс жұмыстарының сапасына және мерзімінде орындалуына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, Ақсай қаласының №7 ЖОББМ реновация шеңберінде жаңғыртылады. Мектепте кешенді күрделі жөндеу жүргізіліп, қауіпсіздік жүйелері жаңартылып, оқу процесіне қолайлы жағдай жасалады.

📌 Аталған барлық нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асып, өңірдегі білім беру сапасын арттыруға оң ықпал етуі күтілуде.