Туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, жаяу туризм техникасы мен велосипед туризм техникасын дамыту, спорттық, техникалық және тактикалық шеберліктерін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 24-27 маусым күндері велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ—2025» және “Қарлығаш—2025” жарысы өткізілді.
🏆 Жалпыкомандалық есеп нәтижесінде Бөрлі ауданының командасы “Күміс шабақ 2025” жарысынан жүлделі 3 🥉орын, “Қарлығаш 2025” туриадасынан жүлделі 2 🥈 орынды иеленді. Бағыттар бойынша:
🔷 “Қарлығаш 2025” туриадасында “Жеке” қашықтығында (жасөспірімдер А тобы) бойынша қыздар арасында
Оразалы А. жүлделі 1🥇орын.
🔷 “Байлам” қашықтығынан (жасөспірімдер тобы) бойынша ұлдар жұбы арасында
Маликов Т./Ишанов Е. жүлделі 1🥇 орын
🔷 “Байлам” (жасөспірімдер тобы) аралас жұбы арасында
Алипов Б./Оразалы А. жүлделі 2🥈орын
🔷 “Туристік тұрмыс және дағды” байқауы бойынша 1🥇орын
🔷 “Жеке” қашықтығы (балалар тобы) бойынша ұлдар арасында
Хамзеев А. жүлделі 3🥉орын
🔷 “Күміс шабақ 2025” велосипед туризм техникасы жарысынан “Командалардың үздік көрсетілімі” байқауынан жүлделі 2🥈орын
🔷 Велосипед туризмі техникасы бойынша БҚО чемпионатынан “Триал” қашықтығы бойынша “Қыздар” арасында
Сарсенбаева Ф. жүлделі 3🥉орын.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Команда жетекшілері Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтері Ералиев Т. және Сарсенова О.